Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері UIM F1H2O әлем чемпионатын ашты
Пресс-служба Президента РК (Telegram)
Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орталық Азия елдерінің басшылары чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі.
✔️Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттеріне судағы жарыстарға арналған болид таныстырылды.
✔️Бұдан соң Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшылары бір мезгілде символикалық тетікті басып, су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының «Қырғызстан Республикасы – Ыстықкөл 2026 гран-при» кезеңін ресми түрде ашты.
✔️Жарыстарға БАӘ, Аустралия, Канада және басқа елдердің намысын қорғайтын 8 команда мен 18 спортшы қатысуда.
✔️Қырғызстанда алғаш рет өткізіліп жатқан сайыс республика тарихындағы ең ірі халықаралық спорттық-мәдени іс-шара саналады.