Оқырманназарынаударатын үлкен хикаялар.
Елдегі жетекші медиаплатформалардың бірінде брендтік арнайы жобалар жасаймыз: Министрлік растаған верификация, миллиондаған қамту және жоғары редакциялық сапа бірге жүреді.
Біздің арнайы жобаларымыз
Мұндағы әр материал редакция, дизайнерлер және әзірлеушілердің ортақ еңбегінен туған. Біз осындай жобалар жасаймыз және дәл сондай нәтижені сіз үшін де бере аламыз.
Арнайы жоба дегеніміз не?
Арнайы жоба баннер де емес, жай жарнамалық мақала да емес. Бұл сіздің брендіңізді үлкен оқиғаның авторына айналдыратын медиаформат: кейіпкерлері бар, фактіге сүйенген, визуалды тілі мен эмоциясы анық материал. Мұнда оқырман жарнамадан қашпайды, керісінше соңына дейін оқып, бөлісіп, қайта оралады.
— Жарнама емес.
Аудитория тікелей жарнамадан шаршаған. Ал арнайы жобаға адамдар өз еркімен қайта оралады.
— Мақала да емес.
Бұл толыққанды медиаөнім: беттеу, графика, видео, интерактив. Деңгейі ірі халықаралық басылымдармен бәсекелесе алады.
— Бұл оқиға.
Мықты арнайы жобаны талқылайды, дәйексөзге алады, бөліседі. Ол жарияланғаннан кейін де бренд үшін айлар бойы жұмыс істей береді.
Неліктен Datapress
Елдегі жетекші компаниялар өздерінің маңызды хикаяларын бізге сеніп тапсыратын бес себеп.
Сенім артатын аудитория
Біздің порталды Қазақстанның түкпір-түкпірінде оқиды: реттеушілерден, топ-менеджменттен бастап миллениалдар мен Z буынына дейін. Бұл жай "трафик" емес, күн тәртібін қалыптастыратын сапалы аудитория.
Басқалар сілтеме жасайтын платформа
Datapress - ақпарат агенттігі мәртебесі бар верификацияланған дереккөз. Бізде жарияланған материал жаңалық агрегаторларына бірден ілігіп, басқа БАҚ-та дәйексөз ретінде қолданылып, оқырман сенімін күшейтеді.
Бір шаңырақ астындағы команда
Журналистер, редакторлар, дизайнерлер, иллюстраторлар және әзірлеушілер - бәрі өз командамызда. Сырттан мердігер жинап, әрқайсының жұмысын үйлестірудің қажеті жоқ.
Кез келген формат — міндетке сай
Лонгрид, интерактивті жоба, видео, фоторепортаж, тест-квиз немесе натив материал - сіздің міндетіңізге қайсысы тиімді болса, соны ұсынамыз.
Жай жариялау емес, толық тарату
Жоба жарық көргеннен кейін ол қолдаусыз қалмайды: порталдың басты беті, рассылка, әлеуметтік желілер және ішкі жарнама желісі іске қосылады. Біз жай жариялауды емес, нақты оқылымды ұсынамыз.
Хикаяңызды жеткізудің алты жолы
Әр міндетке лайық формат бар. Әр брендке өзіне тән визуалды тіл керек.
Лонгрид
Фотосурет, инфографика және дәйексөздермен толыққан терең материал. Имидждік коммуникация мен күрделі тақырыптарға өте қолайлы.
Интерактив
Скроллителлинг, анимация, кастомды беттеу. Таңғалдыру және есте қалдыру керек кезде таптырмас формат.
Видео
Деректі роликтен reels топтамасына дейін. Барлығын толық атқарамыз: сценарий, түсірілім, монтаж.
Фоторепортаж
Көрнекі әсері күшті хикая. Кейде сурет сөзден де көп нәрсе айтады.
Тест / Квиз
Геймификация мен жоғары вовлечение. Жастармен нативті форматта сөйлесудің тиімді жолы.
Нативті материал
Бренд табиғи түрде кіріктірілген журналистік материал. Ең жұмсақ әрі сенім тудыратын форматтардың бірі.
Біз қалай жұмыс істейміз
Алғашқы қоңыраудан жарияланымға дейін 3-6 апта кетеді. Барлығы ашық, кезең-кезеңімен және артық тосынсыйсыз жүреді.
Корпоративтік есепті қалай маңызды әңгімеге айналдырдық
Қарапайым PDF-тің орнына дерекке және шынайы оқиғаларға құрылған лонгрид жасадық. Нәтижесінде материалды оқырмандар да, саладағы әріптестер де байқап, бренд жылы пікір мен сайтқа өтулер алды.
Жиі қойылатын сұрақтар
Брендіңіздің хикаясын бірге бастайық.
Өтінім қалдырыңыз, бас редактор бір жұмыс күні ішінде хабарласады. Бриф пен бастапқы концепцияны тегін дайындап береміз.