Президент граффити салушыларға қатысты қатаң шаралар қабылдауды тапсырды
Пресс-служба Президента РК (Telegram)
Президент Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимараттардың қабырғасына граффити салатын адамдарға қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды
Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің қалаларында бұған жол бермеу керек, сондай-ақ әлемде вандализм мен бұзақылықтың сорақы көрінісі саналатын, қоғамдық орындарды бүлдіретін «шығармашылықтың» мұндай түріне толық тыйым салатын заңдық-нормативтік шаралар қабылдаған жөн.