Президент2026 ж. 24 қыркүйек1 мин оқу2

Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Кеңесінің міндеттерін атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Кеңесінің міндеттерін атап өтті
Пресс-служба Президента РК (Telegram)
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:
 
«Халық Кеңесінің тағы бір маңызды міндеті – аймақтармен тығыз байланыс орнатып, олардың мүддесін қорғау.
 
Өздеріңізге мәлім, Кеңестің үштен бір бөлігі – аймақтан келген өкілдер. Олардың қатарында мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері бар.
 
Бұл – жергілікті жердегі мәселелер республикалық деңгейде көтеріледі деген сөз.
 
Қоғамда «Сенат жұмысын тоқтатқан соң өңірлердің мүддесі ескерусіз қала ма?» деген сұрақ болуы мүмкін. Тіпті болған деп айтсақ та, қате емес. Бірақ, алаңдауға ешқандай негіз жоқ.
 
Аймақтардың үні бұдан былай Құрылтай мен Халық Кеңесі арқылы мемлекеттік органдарға жететін болады. Ауылда, ауданда, облыста нақты ісімен халықтың ықыласына, құрметіне ие болған азаматтар аз емес.
 
Халық Кеңесі осындай мықты тұлғаларды елге танытып, олардың қабілетін одан әрі шыңдауға мүмкіндік беретін мекеме болмақ. Мен бұған кәміл сенемін.
 
Мәслихаттар Парламентпен тығыз байланыста жұмыс істейді. Олар аймақтағы мәселелерді орталыққа жеткізіп, заңдарды жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын тұрақты түрде беріп отырады».
 
t.me/aqorda_resmi

Источник: Пресс-служба Президента РК — t.me/aqorda_resmi

Веб-әзірлеу
24/7
жұмыс істейді

Сайт жасаймыз — бизнесіңіз онлайн сатады

Стартапқа, компанияға, интернет-дүкенге — дизайннан іске қосуға дейін. Клиенттер тәулік бойы келеді.

Тегін консультация →
DataPress IT