Президент2026 ж. 4 тамыз1 мин оқу4

Токаев Иван Гапичтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Токаев Иван Гапичтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Пресс-служба Президента РК (Telegram)
✉️Мемлекет басшысы Халық қаһарманы Иван Гапичтің туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс және еңбек ардагері, Халық қаһарманы Иван Гапичтің дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айтты.

– Иван Степанович майданға өз еркімен аттанып, байланысшы ретінде соғыстың соңына дейін қатысты. Елге оралған соң ұзақ жылдар бойы прокуратура органдарында мінсіз қызмет атқарды. Адамгершілік қағидаттарынан айнымайтын әрі өз ісінің нағыз маманы ретінде ол әріптестері мен көпшілік арасында зор абыройға ие болып, құрметке бөленді. Иван Степанович ғұмыр жолында жасампаз патриотизмнің, антқа адалдықтың және әділдік құндылықтарын берік ұстанудың жоғары үлгісін көрсетті. Оның жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады, – деп жазылған жеделхатта.


t.me/aqorda_resmi

Источник: Пресс-служба Президента РК — t.me/aqorda_resmi

Веб-әзірлеу
24/7
жұмыс істейді

Сайт жасаймыз — бизнесіңіз онлайн сатады

Стартапқа, компанияға, интернет-дүкенге — дизайннан іске қосуға дейін. Клиенттер тәулік бойы келеді.

Тегін консультация →
DataPress IT