Президент2026 ж. 24 қыркүйек1 мин оқу2

Токаев халықпен диалогты нығайту қажеттігін атап өтті

Токаев халықпен диалогты нығайту қажеттігін атап өтті
Пресс-служба Президента РК (Telegram)
⚡️Мемлекет басшысы:
 
«Осы тұста, тағы бір мәселеге айрықша назар аударғым келеді
 
Сіздер әрдайым халықпен тікелей байланыста болуларыңыз керек. Қиындықтан тайсалмай, күрделі мәселелерді батыл көтеру қажет.
 
Жұртты алаңдатқан мәселелерді терең зерттеп, қоғамдық талқылардың бел ортасында жүру маңызды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұғырнамасы осындай ашық диалог арқылы жүзеге асады.
 
Қоғамдық сенімді күшейтудің, яғни ұлттық бірегейлікті нығайтудың бұдан басқа жолы жоқ. Сондықтан, әр мәселеге тыңғылықты дайындықпен кірісу қажет.
 
Халқымыз «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деп бекер айтпаған. Бірақ, басты талап: кез келген сын шынайы болуға тиіс.
 
Мәселені көтере отырып, оның шешімін де қатар ұсыну қажет. 
 
Кеңестің әр мүшесі қарапайым этика нормаларын қатаң ұстануы керек. Халық Кеңесі өкілдері жоғары саяси мәдениеттің озық үлгісін көрсетуге тиіс».
 
t.me/aqorda_resmi

Источник: Пресс-служба Президента РК — t.me/aqorda_resmi

Веб-әзірлеу
24/7
жұмыс істейді

Сайт жасаймыз — бизнесіңіз онлайн сатады

Стартапқа, компанияға, интернет-дүкенге — дизайннан іске қосуға дейін. Клиенттер тәулік бойы келеді.

Тегін консультация →
DataPress IT