Президент2026 ж. 24 қыркүйек1 мин оқу2

Токаев қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру қажеттігін атап өтті

Токаев қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру қажеттігін атап өтті
Пресс-служба Президента РК (Telegram)
⚡️Мемлекет басшысы:
 
«Бірақ қоғамдық кеңестерде мұндай байланыс та, тәжірибе де болмаған.
 
Сондықтан біз алғаш рет Халық Кеңесі арқылы осы жұмысты қолға аламыз.
 
Елдік мәселелер талқыланған кезде қоғамдық кеңестердің мүмкіндіктерін толық пайдалану қажет.
 
Осы орайда қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы жетілдіру керек.
 
Халық Кеңесі қоғамдық кеңестермен тұрақты байланысты жолға қойып, оларға арналған жан-жақты қолдау шараларын қарастыруы қажет.
 
Үкіметке Қазақстан Халық Кеңесімен бірлесіп, мұндай құрылымдардың кәсіби әлеуетін арттыру жолдарын пысықтауды тапсырамын.
 
Тағы бір маңызды мәселе – қоғамдық бақылауды жүзеге асыру. Бұл – Кеңес қызметінің негізгі бағытының бірі.
 
Дегенмен қазір елімізде қоғамдық бақылауды жүргізудің бірыңғай және нақты тәртібі немесе біртұтас жүйесі жоқ. Бұл жұмысты бағалаудың ортақ өлшемдері де әзірленбеген.
 
Халық Кеңесі қоғамдық бақылау саласын жүйелеп, оны ретке келтіруге атсалысуы керек.
 
Бұл жұмысқа тәуелсіз сарапшылар мен кәсіби мамандарды көбірек тартқан жөн».
 
t.me/aqorda_resmi

Источник: Пресс-служба Президента РК — t.me/aqorda_resmi

Веб-әзірлеу
24/7
жұмыс істейді

Сайт жасаймыз — бизнесіңіз онлайн сатады

Стартапқа, компанияға, интернет-дүкенге — дизайннан іске қосуға дейін. Клиенттер тәулік бойы келеді.

Тегін консультация →
DataPress IT