Президент2026 ж. 16 қыркүйек1 мин оқу36

Тоқаев пен Чо Чжон Шик қазақ этноауылында мәдени бағдарламаға қатысты

Тоқаев пен Чо Чжон Шик қазақ этноауылында мәдени бағдарламаға қатысты
Пресс-служба Президента РК (Telegram)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шик қазақ этноауылына барды

✔️Сеулдің Ханган саябағында орналасқан этноауылда мәртебелі меймандарға қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрі, ұлттық сәндік-қолданбалы өнері, ән-күйі мен мәдени жәдігерлердің заманауи үлгілері таныстырылды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чо Чжон Шик киіз үйді аралап көріп, қазақ халқының бірегей мұралары айшықталған «Жеті қазына» голографиялық инсталляциясын тамашалады.

✔️Этноауылда қазақ шеберлерінің қолынан шыққан дәстүрлі зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер мен киізден жасалған заттар көрмеге қойылған.

✔️Меймандарға домбыра, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалған музыкалық бағдарлама ұсынылды.

✔️«Бірлік» би ансамблі мен Қазақстан Республикасы академиялық корей театры балет труппасының бірлескен қойылымдары көрермен көңілінен шықты. «Достық» хореграфиялық композициясы қос халық арасындағы бірлікті, өзара құрмет пен тығыз байланысты паш етті.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чо Чжон Шикке садақ ату өнері мен садақшылардың шеберлігі көрсетілді.

✔️Диджитал-киіз үйде дәстүрлі қазақ баспанасының заманға сай түрленген көрінісі ұсынылды. Панорамалы LED-экран арқылы меймандар екі ел халықтарының достығына, Қазақстандағы корей этносының тарихы мен мәдениетіне, қазіргі тұрмыс-тіршілігіне қатысты бейнеконтентті тамашалады.

✔️Этноауыл көрінісі қазақ-корей қарым-қатынасының нығайып келе жатқанын және екі ел ықпалдастығындағы мәдени-гуманитарлық байланыстың айрықша рөлге ие екенін айғақтады.

✔️Ханган саябағында аспанға дрондар көтеріліп, екі елдің мемлекеттік туларын бейнеледі, сондай-ақ «Қазақстан мен Корея – жарқын келешек жолында» жазуы әдіптелген дирижабль ұшырылды.

t.me/aqorda_resmi

Источник: Пресс-служба Президента РК — t.me/aqorda_resmi

Веб-әзірлеу
24/7
жұмыс істейді

Сайт жасаймыз — бизнесіңіз онлайн сатады

Стартапқа, компанияға, интернет-дүкенге — дизайннан іске қосуға дейін. Клиенттер тәулік бойы келеді.

Тегін консультация →
DataPress IT