Президент24 сентября 2026 г.1 мин чтения10

Президент аймақтарды дамыту мен жол сапасын бағалау жүйесін жетілдіру қажеттігін атап өтті

Президент аймақтарды дамыту мен жол сапасын бағалау жүйесін жетілдіру қажеттігін атап өтті
Пресс-служба Президента РК (Telegram)
⚡️Президент:
 
«Мемлекет аймақтарды дамытуға тұрақты түрде баса мән береді. Бұл – мемлекеттің басты міндетінің бірі.
 
Соңғы жылдары осы бағытта ауқымды жұмыс атқарылды.
Еліміздің әр аймағында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, жолдар қарқынды салынып жатыр. 
 
Қазақстан тұтастай үлкен құрылыс алаңына айналып келеді. Мұны бәріңіз де көріп-біліп жүрсіздер.
 
Ең бастысы, барлық құрылысты сапалы әрі уақытылы жүзеге асыру өте маңызды.
 
Кейде жаңадан салынған кейбір нысандардың сапасы сын көтермейді, тіпті, қоғам талқысына түсіп жатады.Осындай салғырт жасалған жұмыстың кесірі қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы да мүмкін.
 
Бұл тұрғыдан алғанда, жол саласындағы ахуал да мәз емес. Мысалы, «Талдықорған – Өскемен» күре жолының ашылғанына көп уақыт өтпесе де, тоза бастаған.
 
Сондықтан, жол сапасын бағалау жүйесін қайта қарау керек. Құрылыс жұмысын басынан аяғына дейін қатаң қадағалау қажет.
 
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің қызметін күшейту керек.
 
Жалпы, осы салаға түбегейлі реформа жасаған жөн. Қоғамдық бақылауды күшейту қажет».
 
t.me/aqorda_resmi

Источник: Пресс-служба Президента РК — t.me/aqorda_resmi

Веб-разработка
24/7
работает

Разработаем сайт — ваш бизнес продаёт онлайн

Для стартапа, компании, интернет-магазина — от дизайна до запуска. Клиенты приходят круглосуточно.

Бесплатная консультация →
DataPress IT