Президент1 августа 2026 г.1 мин чтения13

Президент Тоқаев Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Тоқаев Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Пресс-служба Президента РК (Telegram)
✉️Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
 
🇰🇿🇨🇭Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланды Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күнімен құттықтады.

– Бұл атаулы күн Швейцарияның бай тарихи мұрасын танытып, демократиялық тұғырының беріктігін және елдің бейтараптық қағидаттарға ұдайы бейіл екенін көрсетеді, – деп жазылған жеделхатта.


Президент Қазақстан Швейцариямен достыққа және өзара құрметке негізделген сан қырлы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынына тоқталды. Сондай-ақ сауда, инвестиция, қаржы және білім салаларындағы ықпалдастықтың оң динамикасын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Швейцария халқына құт-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

Источник: Пресс-служба Президента РК — t.me/aqorda_resmi

Веб-разработка
24/7
работает

Разработаем сайт — ваш бизнес продаёт онлайн

Для стартапа, компании, интернет-магазина — от дизайна до запуска. Клиенты приходят круглосуточно.

Бесплатная консультация →
DataPress IT