Президент24 сентября 2026 г.1 мин чтения0

Токаев еліміздегі реформалардың маңыздылығын атап өтті

Токаев еліміздегі реформалардың маңыздылығын атап өтті
Пресс-служба Президента РК (Telegram)
⚡️Президент:
 
«Қазір еліміз тарихи және тағдыршешті дәуірге қадам басты.
 
Ауқымды өзгерістер үдерісі билік тармақтарын жаңғыртумен тоқтап қалмайтыны анық.
 
Біз Әділетті, Озық, Таза, Күшті Қазақстанды құру жолындағы кешенді жұмысты үздіксіз жалғастыра береміз.
 
Біз реформаларды табысты жүзеге асырып, еліміздің тұрақты өсіп-өркендеуі үшін мызғымас негіз қалыптастыруымыз қажет.
 
Бұл үшін қоғамдық сананы өзгертуіміз керек. Басқа сөзбен айтсақ, халқымыздың санасының өзегінде білімпаздық, ұқыптылық, жауапкершілік, еңбекқорлық қасиеттері тұруға тиіс.
 
Себебі заңға бағыну, елге жанашыр болу, табиғатқа қамқор көзбен қарау, тазалықты сақтау – мұның бәрі де озық ойлы ұлтқа тән маңызды құндылықтар.
 
«Адал Азамат», «Таза Қазақстан», «Заң мен Тәртіп» бастамаларының басты мақсаты да – осы құндылықтарды қоғамда түпкілікті орнықтыру».
 
t.me/aqorda_resmi

Источник: Пресс-служба Президента РК — t.me/aqorda_resmi

Веб-разработка
24/7
работает

Разработаем сайт — ваш бизнес продаёт онлайн

Для стартапа, компании, интернет-магазина — от дизайна до запуска. Клиенты приходят круглосуточно.

Бесплатная консультация →
DataPress IT