Токаев Қазақстан Халық Кеңесінің маңыздылығын атап өтті
Пресс-служба Президента РК (Telegram)
⚡️Президент:
«Қазақстан Халық Кеңесі – баламасы жоқ, мүлде жаңа, инновациялық институт.
Әділетті Қазақстанның жарқын символы саналатын бұл құрылымның жөні де, жолы да өзгеше. Сондықтан, Кеңестің алғашқы мүшелеріне зор жауапкершілік жүктеледі.
Осы мәртебелі әрі беделді құрылымның табысты жұмысы сіздердің табанды еңбектеріңізге байланысты болмақ.
Сіздер қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтып, ел бірлігін күшейтуге жол ашатын игі істердің бастауында боласыздар.
Әрине, жол бастау оңай болмасы анық. Бірақ бір жағынан, бұл – үлкен құрмет және зор мүмкіндік.
Сіздер, халықпен етене байланыс орнатып, жасампаз бастамалар көтеру арқылы мемлекеттік басқару жүйесіне, тіпті, ел тағдырына ықпал ете аласыздар.
Ең бастысы, ұлт мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс.».