Президент24 сентября 2026 г.1 мин чтения0

Токаев ұлттық сана-сезімді қалыптастыру және тарихи жадыны жаңғырту міндеттерін атап өтті

Токаев ұлттық сана-сезімді қалыптастыру және тарихи жадыны жаңғырту міндеттерін атап өтті
Пресс-служба Президента РК (Telegram)
⚡️Мемлекет басшысы:

«Тағы бір маңызды міндет – ұлттық сана-сезімді қалыптастыру және тарихи жадымызды жаңғырту.
 
Бұл бағытта көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Мен де бұған дейін осы өзекті тақырыпқа байланысты біраз ойымды айттым.
 
Біз төл мәдениетіміздің өрісін кеңейтіп, ұлт руханиятына өшпес із қалдырған дара тұлғалардың мұрасын дәріптеуге айрықша назар аударып отырмыз.
 
Жұртымыздың жылнамасын түгендеп, Ұлы дала тарихын және Алтын Орда дәуірін терең зерттеп жатырмыз.
 
Биыл 22 жылға созылған үзілістен кейін Қазақстанның бірқатар киелі нысаны ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енгізілді.
 
Бұл тізімге Маңғыстау облысындағы бірегей нысандар да енді.
 
Жаркент мешіті мен Вознесенск шіркеуі секілді екі бірегей ескерткіштің ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізбесіне алдын ала енгізілуі тағы бір маңызды қадам болды.
 
Сәулет өнерінің осынау жауһарлары – Қазақстанның мәдени әралуандығын паш етеді, сондай-ақ елімізде ғұмыр кешіп жатқан барлық этностың тарихына және рухани мұрасына ұқыпты әрі құрметпен қарайтынымызды айғақтайды».
 
t.me/aqorda_resmi

Источник: Пресс-служба Президента РК — t.me/aqorda_resmi

Веб-разработка
24/7
работает

Разработаем сайт — ваш бизнес продаёт онлайн

Для стартапа, компании, интернет-магазина — от дизайна до запуска. Клиенты приходят круглосуточно.

Бесплатная консультация →
DataPress IT