Президент24 сентября 2026 г.1 мин чтения0

Токаев Ұлы даланың мәдениетаралық байланыстары туралы айтты

Токаев Ұлы даланың мәдениетаралық байланыстары туралы айтты
Пресс-служба Президента РК (Telegram)
⚡️Президент:
 
«Бағзы замандардан бері Ұлы даламыз өркениеттер тоғысынан қуат алып, барша ұлттың салт-дәстүріне, діні мен мәдениетіне құрметпен қарайтын ашық әрі ынтымағы жарасымды мекен ретінде тарихтың талай асуынан өтті.
 
Дүниедегі жақсы атаулыны жатсынбай, сіңіре білген ата-бабамыз Ұлы Жібек жолын мәдениеттер бір-бірімен біте қайнасып, жаңа білім, озық құндылықтар мен сол заманның үздік технологияларын алмасатын кеңістікке айналдырды.
 
Шығыспен де, Батыспен де тығыз байланыс орнатудың арқасында халқымыздың ерекше менталитеті қалыптасты. Біздің қазіргі тарихымыз – осыған айқын дәлел.
 
Этномәдени бірлестіктер кәдімгі «достық керуені» іспеттес. Олар игі мақсатқа жету жолында сапарын үзбейді.
 
Міндетіміз – ынтымақ-бірлікті нығайтып, шынайы достық пен толеранттылықты келесі ұрпаққа аманаттап қалдыру».
 
t.me/aqorda_resmi

Источник: Пресс-служба Президента РК — t.me/aqorda_resmi

Веб-разработка
24/7
работает

Разработаем сайт — ваш бизнес продаёт онлайн

Для стартапа, компании, интернет-магазина — от дизайна до запуска. Клиенты приходят круглосуточно.

Бесплатная консультация →
DataPress IT