Президент24 сентября 2026 г.1 мин чтения10

Тоқаев инфрақұрылымды жаңғырту аясында жаңа жұмыс орындарын ашуды мәлімдеді

Тоқаев инфрақұрылымды жаңғырту аясында жаңа жұмыс орындарын ашуды мәлімдеді
Пресс-служба Президента РК (Telegram)
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:
 
«Инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту аясында ондаған мың жаңа жұмыс орны ашылады.
 
Болжам бойынша 2035 жылға дейін елімізге 2,9 миллион маман, соның ішінде 1,8 миллион жұмысшы маман қажет. Кадр тапшылығы, әсіресе, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және ІТ саласында байқалмақ.
 
Қазіргі уақытта еліміздегі 763 колледжде 500 мыңнан аса студент оқиды. Ерте бастан кәсіптік бағдарлауға және дуальді оқытуға ерекше назар аударылып отыр.
 
Қажетті машықтарды меңгерген, алайда салалық дипломы жоқ адамдар кәсіби біліктілікті тануға арналған 22 орталықта өз құзыретін растай алады.
 
Астанада жүзеге асырылып жатқан «Joltap» жобасын айрықша атап өткім келеді. Бұл – бизнестің тікелей қатысуымен жұмысшы және цифрлық сала мамандарын, атап айтқанда, тігінші мен дәнекерлеушіден бастап веб-әзірлеуші мен дизайнерге дейін даярлайтын қысқа мерзімді оқыту моделі.
 
Үш жыл ішінде 22 мыңнан аса адам білім алып, 60 пайызы жұмысқа орналасты, екі мыңға жуық жан жеке кәсібін ашты. Осы табысты тәжірибені барлық өңірге тарату қажет.
 
Әр азаматтың өмірде өз орнын тауып, отбасын адал еңбекпен асырауына және Отанына пайдасын тигізуге жағдай жасау – ортақ міндетіміз».
 
t.me/aqorda_resmi

Источник: Пресс-служба Президента РК — t.me/aqorda_resmi

Веб-разработка
24/7
работает

Разработаем сайт — ваш бизнес продаёт онлайн

Для стартапа, компании, интернет-магазина — от дизайна до запуска. Клиенты приходят круглосуточно.

Бесплатная консультация →
DataPress IT